Грузиялық "Торпедо" Кутаиси 27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Магомед Парагульговпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Магомед Парагульгов осы жылдың ақпан айынан маусым айына дейін "Ақжайық" сапында ойнады. Биылғы маусымда ол небәрі 4 кездесуге қатысты (100 минут). Магомед - Алматы футболының түлегі. Ол "Қайрат", семейлік "Спартак", "Ертіс", "Қайсар" және кипрлік "Эрмис" командаларында доп тепті.
Жалпы алғанда, ол Қазақстан Премьер-лигасында 54 матч өткізіп, 4 гол соққан, 2 нәтижелі пас берген.