Казахстан(футбол)
16 қаңтар 2017 11:38
 

Қазақстан U17 құрамасы Талғарда жиналды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан U17 құрамасы Талғарда жиналды ©kff.kz

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 

blog.share

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 

Оқу-жаттығу жиынының аясында Карлош Алош Ферер шәкірттері «Қайрат» футбол клубының 2000-2001 жылғы футболшыларынан жасақталған командамен кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнады. Жасөспірімдер құрамасының сапынан Абылайхан Жұмабек көзге түсті. 

Қазақстан U17 құрамасы келесі ойынын 18 қаңтар күні "Қайрат U-18" командасымен өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны 19 қаңтар күні аяқталады. 

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Сергей Кляхин, Дулат Батырханов;

Қорғаушылар: Рауан Аманжол, Асанәлі Мырзабек, Ерлан Қайратов, Жалғас Жақсылықов, Талғат Талапұлы, Нұрсейіт Асылбек;

Жартылай қорғаушылар: Илья Дёмин, Фёдор Неумывaкин, Шадман Бәкіров, Ұлықбек Қайтмұратов, Хамит Шәміл, Бекзат Иманғазиев, Жавланбек Бабаназаров, Амал Сейітов, Руслан Джарлаев;

Шабуылшылар: Нұрасыл Ершуақ, Даниял Закария, Абылайхан Жұмабек.

Жарнама

Живи спортом!