24 жастағы қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский жақын арада ресейлік "Уралмен" келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс". Футболшы жаңа клубына еркін агент ретінде қосылады.
Ян Вороговский "Беерсхот" клубына 2019 жылдың маусым айында қосылды. Осы уақыт ішінде ол бельгиялық команда сапында 43 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Ян - Алматы футбол мектебінің түлегі. Қазақстанда ол "Ақ-Бұлақ", "Жетісу-Сұңқар", "Қайсар" және "Қайрат" командаларында ойнады.
"Урал" Ресей Премьер-лигасының соңғы маусымында 12-орынға ие болды.