Казахстан(футбол)
12 маусым 2020 16:28

Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Ресейдің үшінші дивизионынан клуб тапты

Қазбек Гетериев. Фото: "Спартак" ФК (Нальчик)©
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Казбек Гетериев нальчиктік "Спартактың" ойыншысы атанды, - деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі


Клуб Ресей чемпионатының үшінші дивизионында ойнайды. Гетериев "Спартак" сапында 2007-2010 жылдар арасында өнер көрсеткен - ол кезде команда премьер-лигада бақ сынайтын. 34 жастағы жартылай қорғаушының соңғы клубы Қырым чемпионатының "Қызылташ" командасы болды. 

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Гетериев Қазақстанда "Қайрат", "Ордабасы", "Қайсар", "Ертіс", "Оқжетпес" және "Каспий" командаларында ойнаған болатын. Жалпы алғанда, ол ҚПЛ-де 93 матч өткізіп, үш гол соғып, алты нәтижелі пас берген. Ал бірінші лигадағы 46 матчта екі нәтижелі пас берген.

2010-2015 жылдар арасында Гетериев Қазақстан құрамасында өнер көрсетті. Қазақстан азаматтығын алған ресейлік жеті матчта ойнады.