Қазақстан құрамасы Косовамен жолдастық кездесу өткізбейтін болды

Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Косовамен жолдастық кездесу өткізбейтін болды, деп хабарлайды Meta-Ratings.kz порталы. 

Ойын 4 маусым күні сырт алаңда өтуі керек болатын. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Қазақстан футбол федерациясының өкілдері бұл ойындардан саяси түсініспеушілік болып қалмау үшін бас тартқан. 

Айта кетейік, Қазақстан қазіргі уақытта Косованың тәуелсіздігін мойындамаған. Сондықтан ешқандай дипломатиялық қарым-қатынаста емес. Осы үшін де ҚР Сырты істер министрлігі бұл ойыннан бас тарту туралы ұсыныс айтқан. 

Метки:
Жаңалықтар