Қазақстан құрамасы Черногориямен жолдастық кездесу өткізеді

Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы Черногориямен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Черногория футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр. 

Ойын 11 қараша күні Подгорица қаласында өтеді. Қазақстан құрамасымен кездесерге дейін, Черногория құрамасы 7 қазақ күні Латвия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында Ұлттар лигасында ойнайды. Михал Билек баптайтын біздің ұжым С тобында. Бұл топта Албания, Беларусь және Литва құрамалары бар. 




Метки:
Жаңалықтар