Казахстан(футбол)
13 қаңтар 2017 17:25
 

Қазақстан жастары "Гранаткин мемориалының" ширек финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан жастары "Гранаткин мемориалының" ширек финалына шықты ©granatkin.com

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан "Гранаткин мемориалы" турнирінің ширек финалға кезеңіне шықты. Отандастарымыз топтық кезеңдегі үшінші ойында Литва жастар құрамасын 2:0 есебімен айқын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан "Гранаткин мемориалы" турнирінің ширек финалға кезеңіне шықты. Отандастарымыз топтық кезеңдегі үшінші ойында Литва жастар құрамасын 2:0 есебімен айқын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы ойындағы екі голды да екінші таймда соқты. 50-минутта Пайруз Жанәлі есеп ашты. 71-минутта Еркебұлан Сейдахметтің алыс қашықтықтан шиіре тепкен добы қарсыластар қақпасында тулады.

Ал, ойынның қосымша уақытында Литва футболшылары өз айып алаңдарында ереже бұзып, бас төреші пенальти белгіледі. Өкінішке орай, команда капитаны Дінмұхамед Қашкеннің тепкен добын Литва қақпашысы қайтарып қалды.

Литва U19 - Қазақстан U19 - 0:2

Голдар: Пайруз 50, Сейдахмет 71

Ескерту: Раулинаитис 38, Уткус 43 - Орал 49, Қашкен 55.

Литва U18: Петкявичус, Пиюс, Воронко, Кажуколовас, Пауликас, Раулинаитис, Виткус, Лучаускас, Путрюс, Раманаускас, Уткус, Сунелаитис.

Қазақстан U18: Устименко, Аманжол, Қашкен, Кузнецов, Кусяпов, Жақсылық, Кан, Орал, Пайруз, Сүйінов, Сейдахмет.

Төрешілер: Рыбаков, Дорогостайский, Коротков, Мамойко - (барлығы - Ресей)

13 қаңтар 2017 жыл. Санкт-Петербург, 300 жанкүйер.

Айта кетейік, 5 ұпай жинаған Қазақстан жастар құрамасы топта бірінші орында келеді.  Аз уақыттан кейін Әзірбайжан мен Словакия жастары екінші жолдаманы сарапқа салады. Содан кейін ғана Қазақстан жастарының топта нешінші орын алатыны нақты белгілі болады. Отандастарымыз бұл екі командамен де тең түскен еді.

"Гранаткин мемориалы" турнирінің ширек финалындағы ойындар 16 қаңтар күні өтеді.

"Гранаткин турнирі" ФИФА-ның бірінші вице-президенті Валентин Гранаткиннің құрметіне 1981 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жарысқа 16 команда қатысады. 
 

 



Подробнее: http://vesti.kz/national/230931/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz

Жарнама

Живи спортом!