Казахстан(футбол)
10 қазан 2017 22:12
 
Қазақстан жастар құрамасы Болгариямен тең тарқасты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан жастар құрамасы Болгариямен тең тарқасты kff.kz

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында болгариялық замандастарымен тең түсті. Астанада өткен ойында 1:1 есебі тіркелді.

Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. Бірінші болып 76 минутта Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан жастар құрамасын алға шығарды. Алайда ойынның аяқталуына бірер минут қалғанда қонақтар есепті теңестіріп кетті.

Владимир Никитенко жаттықтыратын Қазақстан жастары келесі ойынын 2018 жылдың наурыз айында Франция жастарына қарсы өткізеді. Қазіргі таңда топта 5 ойыннан кейін 6 ұпаймен үшінші орында келеді.

Жарнама

Живи спортом!