Казахстан(футбол)
11 қаңтар 2017 18:07
 

Қазақстан жастар құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан жастар құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті ©granatkin.com

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінің топтық кезеңіндегі екінші ойында Әзірбайжаннан келген құрдастарымен тең түсті, деп жазады Vesti.kz

blog.share

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінің топтық кезеңіндегі екінші ойында Әзірбайжаннан келген құрдастарымен тең түсті, деп жазады Vesti.kz

Ойында 2:2 есебі тіркелді. Қазақстан жастар құрамасы ойында екі рет есепте алға озғанмен, жеңіске жете алмады. Бірінші болып 17 минутта команда капитаны Дінмұхамед Қашкен пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты. Алайда, бірінші тайм аяқталар тұста Рафаэль Магеррамулы таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші таймда Александр Кузнецов жаттықтыратын қазақстандық өрендер екінші рет есепте алға шықты. Еркебұлан Cейдахмет әуелете асырылған пасқа бірінші жетіп, қарсылас қақпасына баспен гол соқты. Бірақ, ойын соңына дейін Қазақстан жастары есептегі басымдықты сақтап қала алмады. Ойынның аяқталуына 8 минут қалғанда Әзірбайжан жастары сапынан Фарид Набиев мергендігімен көзге түсіп, командасына тең есепті сыйлады.

Енді Қазақстан жастары топтағы үшінші ойынын 13 қаңтар күні Литва құрамасына қарсы өткізеді. Айта кетейік, осыған дейін отандастарымыз Словакия жастар құрамасымен де тең ойнаған еді. Ол ойында есеп ашылмаған-ды.

 

Жарнама

Живи спортом!