Қазақстан футбол федерациясы «Оңтүстік» футбол академиясын қайта ұйымдастырып, Оңтүстік Қазақстан облысына әкімдігі тапсыруына байланысты испаниялық маман Карлош Алош Ферер Қазақстан футбол федерациясының жаттықтырушылар штабына ауыстырылды. Ол 2015 жылдың 7 тамызында жасалған келісімшарт аясында 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырады.
Жаттықтырушының көмекшісі қызметін қазақстандық маман Ерлан Мұхамбедиев атқарады.
Карлош Алош Ферердің білімі мен тәжірибесі:
2003-2005 жылдары. «AMPOSTA» (Испания) клубының академиясында бас бапкер - U16 және U18 командалары (1 орын).
2005-2007 жылдары. «ROQUETENC» (Испания) футбол клубының жоғары тобының бас бапкері ( 1 орын).
2007-2009 жылдары. «TORTOSA» (Испания) футбол клубының жоғары тобының бас бапкері.
2009-2011 жылдары. «KITCHEE SC» ( Гонконг) футбол клубының қызметкері.
2011-2014 жылдары. «BARCELONA» (Испания) футбол клубында халықаралық жобалар бойынша техникалық директор.
2015 жылы . «MKS POGON SIEDLCE» (Польша, І лига) футбол клубының бас бапкері.
2015 - 2016 жылдары. ҚФФ, «Оңтүстік» академиясының бас бапкері.
Жарнама