"Қайрат-Мәскеу" командасы Ресей кубогінің келесі кезеңіне шықты

©Сурет: "Қайрат-Мәскеу" әлеуметтік желісінен алынды.

"Қайрат-Мәскеу" командасы Ресей кубогінің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Қайрат-Мәскеу" Ресей кубогінің 1/64 финалында "Динамо Владивосток" клубын 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз әрі шешуші голды 78-минутта Вячеслав Швырев соқты.

"Қайрат-Мәскеудің" негізгі құрамы: Ульянов (қ); Киряков, Ткаченко, Қасаболат (к), Кургин; Крачковский, Әлімжан, Пряхин; Абдулла, Мацхарашвили, Швырев.

Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат-Мәскеу" бұған дейін Ресей Кубогінде "Квант" (3:0) және "Калуга" (1:0) командаларын жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар