auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қайрат" - Қазақстан Суперкубогының иегері

"Қайрат" - Қазақстан Суперкубогының иегері
"Қайрат" ресми сайтынан
Алматы қаласының Орталық стадионында 2017 жылғы футбол маусымының шымылдығы ашылды. Қос елордалық ұжым Қазақстан Суперкубогы үшін сынға түскен матчта көрерменнің қарасы көп.

Ойынды қос команда қорғанысқа қарап қалмай, өткір шабуылдармен бастады. 3-ші минутта "Қайраттың" ұзын бойлы қорғаушысы Жарко Марковичтен сытылып өткен Жуниор Кабананга қақпаның тоғыздығын дәлдеген, алайда доп бағанадан сәл қиыс кетті. Арада бірер минут өткенде елордалықтар "Қайрат" қақпашысының қыралығын тағы бір сынады. Патрик Твумаси оң қапталдан қақпаның жақын бұрышына соққы жасағанмен Владимир Плотников допты оңай қайтарды.

Арада он минут өткенде "Қайрат" ойыншылары алғашқы өткір шабуылын жасады. Сол қапталда ққақпа маңын қарауылдап жүрген Андрей Аршавин үш бірдей елордалық қорғаушыдан сытылып барып қақпаға соққы жасады. Допты "Астана" қорғаушылары кері қайтарып үлгерді. Артынша Исламбек Қуат айып аланың тұсында қақпаның жақын бұрышын көздегенмен, Ненад Эрич допты тосты.

Алматылық футболшылар шабуылды үдете түсті. Бірде Андрей Аршавиннің соққысы қақпадан қиыс кетсе, енді бірде Жерар Гоудың добын елордалық команданың қақпашысы қайтара білді. Дегенмен де 76-шы минутта "Қайрат" ойыншылары есепті ашты. Гафуржан Сүйімбаевтың қақпаға бағыттаған алдамшы соққысын Ненад Эрич қайтарғанмен қақпа маңын торауылдап жүрген Сесар Арзо допқа дер кезінде үлегеріп, матчтағы алғашқы голды тіркеді.

Елордалық футболшылар таразы басын теңестіру үшін шабуылға көбейте түсті. Станимир Стойлов алаңға Дидар Жалмұқан, Иво Иличичті шығарғанмен таблодағы есеп өзгермеді. Бас төреші негізгі уақытта үш минут қосқанда "Қайрат" футболшылары қарсылас қорғаушыларының қателігін пайдаланып кетті. Шабуылға баса назар аударған "Астана" футболшылары қорғанысты ұмыт қалдырған. Үш бірдей ойышымен шабуылға шыққан алматылықтар Эричтің қақпасын екінші мәрте дәл көздеді. Екінші голды соққан Исламбек Қуат.

Осылайша, алматылық ұжым 2017 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.



Қазақстан Суперкубогы.

"Қайрат" (Алматы) - "Астана" (Астана) 2:0

Голдар: Сесар Арзо (76'), Исламбек Қуат (90+3')

"Қайрат": Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Гафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэль да Сильва Барбоза, Жерар Гоу, Сесар Арзо, Андрей Аршавин

"Астана": Ненад Эрич, Марин Аничич, Аздрен Ллулаку, Абзал Бейсебеков, Иван Маевский, Патрик Твумаси, Юрий Логвиненко, Джуниор Кабананга, Евгений Постников, Дмитрий Шомко

Төршілер: Артем Кучин (Қарағанды),Анатолий Ходин (Атырау), Евгений Бельский (Тараз)

Қосымша төрешілер: Данияр Сахи (Қызылорда), Денис Измайлов (Талдықорған)

Инспектор: Александр Мазманьян

04.03.2017 жыл. Алматы қаласы, Орталық стадион
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама