"Қайрат" - "Атырау", "Ордабасы" - "Астана" және басқа да ҚПЛ ойындарына тікелей трансляция

©fctaraz

Бүгін, 7 мамыр күні футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында төрт матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бірінші ойын елорда уақытымен 16:00-де басталады. Ел астанасында "Қызыл-Жар" турнир кестесінде көш бастап тұрған "Таразды" қабылдайды.

Шымкентте "Ордабасы" мен "Астана" кездеседі. Бұл ойын 18:00-ге жоспарланған.

Қалған матчтар 20:00-де басталады. Атап айтқанда "Қайрат" пен "Атырау" өзара мықтыны анықтаса, Павлодар "Ақсу" командасы "Тобылға" қонаққа барады.

"Қызыл-Жар" – "Тараз", "Ордабасы" – "Астана" және "Қайрат" пен "Атырау" ойынын Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

"Тобыл" мен "Ақсу" кездесуін ПФЛК TV ресми сайтынан өткізіп алмаңыз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар