"Каспий" екі бірдей сербиялық футболшымен келісімшарт жасайды

Сурет "Црвена Звезда" сайтынан алынды.

Ақтаулық "Каспий" екі бірдей сербиялық футболшымен келісімшарт жасамақ. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Олардың біріншісі 29 жастағы жартылай қорғаушы Ненад Гаврич. Бұл жартылай қорғаушы "Црвена Звезда", "Войводина", "Младост" және "Раднички" командаларында ойнаған.

Өткен маусымда Гаврич Сербия чемпионатында 30 матч өткізіп, 9 гол мен 6 нәтижелі пасты өз атына жазған.Сербиялық футболшы ақтаулық клубтың орналасқан жеріне келді. Келісімшарт осы маусымның соңына дейін жасалады деп күтілуде. Футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде ауысады.

Сондай-ақ "Каспий" тағы Милош Станоевичпен келісімшарт жасамақшы. 27 жастағы футболшы "Младост", "Раднички" босниялық "Сараево" командаларының намысын қорғанан. Соңғы маусымда ол түркиялыұ "Анкарагюджю" командасының сапында өнер көрсеткен. Ол да Гаврич секілді команданың сапына келген. 

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын "Каспийдің" көшбасшы футболшыларының бірі Уаджди Сали грекиялық "Аполлонға" ауысқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар