Жоао Пауло "Ақтөбе" командасына ауысады

qazlive.kz

"Ордабасы" футбол клубының шабуылшысы Жоао Пауло "Ақтөбе" командасына ауысады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Кеше шабуылшы Нұр-Сұлтан қаласына келіп, "Астана" командасымен келіссөз жүргізген. Бірақ елордалық командамен бір бітімге келе алмады.

Vesti.kz порталының тілшісіне белгілі болғандай, Нұр-Сұлтан қаласынан ол бірден Ақтөбеге ұшып кеткен. Енді шабуылшы "Ақтөбе" командасымен келіссөз жүргізеді. Екі тарап бір шешімге келсе, шабуылшы мансабын ақтөбелік команда сапында жалғастырады. 

Жоао Пауло "Ордабасы" командасына 2019 жылдың басында жалға келген. Осы маусымда шымкенттік клуб сапында 8 гол соғып үлгерді. 

Метки:
Жаңалықтар