"Жетісудың" шабуылшысы сербиялық клубпен келісімшарт жасады
"Жетісудың" нигериялық шабуылшысы Одуэньи Угочукву жаңа клуб тапты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
"Жетісудың" нигериялық шабуылшысы Одуэньи Угочукву жаңа клуб тапты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
25 жастағы шабуылшы мансабын сербиялық "Явор" клубында жалғастырады. Қазақстан Премьер-лигасының өткен маусымында Одуэньи жеті матч өткізіп, бір гол соқты. Маусым соңында "Жетісу" соңғы орынды иеленіп, Премьер-лигадан ұшып кетті.
Келісім-шарт мерзімі аяқталған футболшыға "Ақтөбе" клубы қызығушылық танытқан болатын.
Бұған дейін Угочукву аустриялық ЛАСК, "Хорн" және "Рид", хорватиялық "Сесвете" және украиналық "Минай" командаларында ойнады. Transfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша, африкалық футболшының қазіргі құны 125 мың еуроны құрайды.
Жарнама