Казахстан(футбол)
17 қаңтар 2017 09:55
 

Жастарымыз "Гранаткин мемориалының" жартылай финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Жастарымыз "Гранаткин мемориалының" жартылай финалына шықты ©granatkin.com

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты.

blog.share

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өтіп жатқан "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты.

 Отандастарымыз ширек финалда Словениядан келген замандастарын 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан жастар құрамасы өз тарихында алғаш рет «Гранаткин мемориалы» турнирінде жартылай финалға шығып отыр.

Осыған дейін жас қазақ футболшыларының бұл турнирде асығы алшысынан түспей келген еді. Александр Кузнецов жаттықтыратын Қазақстан жастары сәтті өнер көрсетіп келеді. Топта бірінші орын алып, ширек финалда Словения жастарынан басым түсті. Екінші минутта Жанәлі Пайруздың голы отандастарымызды алға шығарды. 61 минутта алаңға команда капитаны болып шыққан Айдоз Орал пенальтиді сәтті орындап, есепті еселеді. Нәтижесінде осы есеп сақталып, Қазақстан жастар құрамасы жартылай финалға өтті.

Жартылай финалда Қазақстан жастары Грекия жастар құрамасымен кездеседі. Гректер кеше өткен ширек финалда Латвия футболшыларын ойын соңындағы пенальти сериясында ұтқан болатын. Қазақстан мен Грекия ойыны 18 қаңтарға жоспарланған. Астана уақытымен кешкі сағат 19:30-да басталады.

Айта кетейік, «Гранаткин турнирі» ФИФА-ның бірінші вице-президенті Валентин Гранаткиннің құрметіне 1981 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жарысқа 16 команда қатысады.  

Жарнама

Живи спортом!