Исламханнан допинг табылды. Ол футболдан шеттетілуі мүмкін

Сурет "Аль-Айн" командасының сайтынан.

Vesti.kz порталынына мәлім болғандай футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханнан Азия Чемпиондар лигасында "Аль-Садд" командасына қарсы кездесуден алған текстінен кейін допинг анықталыпты.Азия футбол конференциясы бұл ақпаратты "Аль-Айн" командасы мен футболшының өзіне хабарлаған. Енді ол футболдан шеттетілуі мүмкін. 

"Аль-Садд" - "Аль-Айн" ойына 18 қыркүйек күні Азия Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде өткен. Бұл ойында Исламхан 68-минут өнер көрсетті. Оның командасы Катар елінде 10 қыркүйектен бастап болған. Сондықтанда допинг қазақстандық футболшының қанына осы кезде түсуі мүмкін. "Аль-Айн" командасы бұл мәселеге қатысты әлі нақты ақпарат берген жоқ. 

Бұған дейін Исламхан УЕФА аясында өтетін турнирлердің алдында бірнеше рет допинг-тест тапсырған. Бірақ ол кезде отандасымыздан ешқандай допинг табылған жоқ еді. 

Енді Исламхан алдағы бірнеше ойынға уақытша шеттетілетін шығар. Себебі, бұл мәселеге байланысты тергеу жұмыстары жүреді. 





 

Метки:
Жаңалықтар