19-25 ақпан аралығында Тараз және Шымкент қалаларында республикалық «Жастар» (U-17) және «Арман» (U-19) турнирлерінің іріктеу кезеңдері өтеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол Федерациясының баспасөз қызметі.
Жарысқа еліміздің барлық өңіріндегі футбол орталықтары мен академиялардың командалары қатысады.
Іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан командалар 2017 жылдың 20-27 наурыз аралығында ұйымдастырылатын финалдық ойындарға жолдама алады. Шешуші кезеңнің ойындары да Тараз және Шымкент қалаларында өтеді деп жоспарланған.
17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылары Карлош Ферер мен Александр Кузнецов осы турнирдегі ойындарды қарап, құрамаға үміткер ойыншыларды анықтайды.

Жарнама