Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 36 ойыншыдан тұратын кеңейтілген тізімді жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
9 және 12 қазан күндері Қазақстан құрамасы "Астана - Арена" стадионында Босния және Герцеговина мен Финляндия құрамаларына қарсы кездесу өткізеді.
Тізім мынадай:
Қақпашылар: Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Мұхамеджан Сейсен, Бекхан Шайзада.
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Нұралы Әліп, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Сағадат Тұрсынбай, Олжас Керімжанов, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Мақсат Тәйкенов, Ян Вороговский, Дмитрий Шомко, Бағдат Қайыров, Михаил Габышев, Нұрлан Дайыров.
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Рамазан Оразов, Азат Нұрғалиев, Бахтиер Зайнутдинов, Сұлтанбек Астанов, Бауыржан Байтана.
Шабуылшылар: Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев, Абат Айымбетов, Айдос Тәттібаев, Роман Мұртазаев, Айбар Жақсылықов.
Футболшылар 4 қазан күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.