Казахстан(футбол)
12 қаңтар 2017 15:21
 
ФИФА рейтингі: Қазақстан жаңа жылды үздік жүздіктің қатарында бастады

  Пікірлер

blog.share

ФИФА рейтингі: Қазақстан жаңа жылды үздік жүздіктің қатарында бастады ©kff.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бүгін ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізім бойынша футболдан Қазақстан құрамасы 2017 жылды үздік жүз құраманың қатарында бастады.

Соңғы бір айдың ішінде біздің бас құрама ешқандай кездесу өткізген жоқ. Сондықтан да рейтингте желтоқсан айындағы орнын, яғни 354 ұпаймен 98 орынды сақтап қалды.

Жаңартылған тізімнің көш басында да ешқандай өзгеріс жоқ. Бірінші сатыда Аргентина құрамасы орналасқан. Бразилия құрамасы екінші орынға жайғасса, Германия құрамасы үздік үштікті түйін тұр.

ФИФА-ның жаңартылған рейтингі:
1 . Аргентина - 1 634 очка,
2 . Бразилия - 1 544,
3 . Германия - 1 433,
4 . Чили - 1 404,
5 . Бельгия - 1 368,
6 . Колумбия - 1 345,
7 . Франция - 1 305,
8 . Португалия - 1 229,
9 . Уругвай - 1 187,
10 . Испания - 1 166,
98 . Қазақстан - 354.

Жарнама

Живи спортом!