Казахстан(футбол)
3 наурыз 2017 18:41
 

Еркебұлан Сейдахметке Мессидің деңгейіне жету үшін әлі талай еңбектенуі керек - голландиялық БАҚ

  Пікірлер

blog.share

Еркебұлан Сейдахметке Мессидің деңгейіне жету үшін әлі талай еңбектенуі керек - голландиялық БАҚ Еркебұлан Сейдахмет. Сурет granatkin.com

Голланиялық Voetbalzone.nl порталы әлемнің дарынды жас футболшыларының қатарына Қазақстан (U-17) жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметті қосты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Шетелдік БАҚ Санкт-Петербург қаласында өткен Гранаткин Мемориалы жарысында үздік шабуылшы атанған Еркебұланның ойынына таңдай қақты. 

Аталған додада кезінде бельгиялық Дрис Мертенc пен Кевин де Брейне, итальяндық Даниэле Ругани, немістер Оливер Бирхофф және Карстен Янкер, ресейлік Артем Дзюба және Александр Мостовой, француз Марсель Дейсайи және поляк футболшысы Лукаш Пищек жасындай жарқылдаған еді. Осы даңғыл жолды Еркебұлан Сейдахмет жалғастыр ала ма? - деп сауал жолдайды Voetbalzone.nl порталының тілшісі.

Voetbalzone.nl Сейдахметтің болашағы зор екенін, алайда әлі де даму керектігін атап өтті.

"Сейдахметке "үлкен ағасының" (Лионель Месси - авт. Vesti.kz) деңгейіне жету үшін әлі талай еңбектену қажет. Дегенмен де, Гранаткин Мемориалында оның қолынан не келетінін көрдік. Алайда ол Лионель Мессимен салыстыруға лайық па?" - дейді Voetbalzone.nl.

Қазақстандық жасөреннің қимылы жылдам, алаңды және әріптестерін сезе біледі, оның үстіне қарсыласын оңай шаң қаптырып кете алады деп жазады Voetbalzone.nl мақала соңында.

Айта кетейік, қазіргі таңда 17-жасар футболшы ресейлік "Зениттің" жастар құрамының сапында жаттығып жүр. Дайындық барысында әдемі гол соғып та үлгерді.

blog.share
Голланиялық Voetbalzone.nl порталы әлемнің дарынды жас футболшыларының қатарына Қазақстан (U-17)
жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметті қосты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Шетелдік БАҚ Санкт-Петербург қаласында өткен Гранаткин Мемориалы жарысында үздік шабуылшы атанған Еркебұланның ойынына таңдай қақты. 

Аталған додада кезінде бельгиялық Дрис Мертенc пен Кевин де Брейне, итальяндық Даниэле Ругани, немістер Оливер Бирхофф және Карстен Янкер, ресейлік Артем Дзюба және Александр Мостовой, француз Марсель Дейсайи және поляк футболшысы Лукаш Пищек жасындай жарқылдаған еді. Осы даңғыл жолды Еркебұлан Сейдахмет жалғастыр ала ма? - деп сауал жолдайды Voetbalzone.nl порталының тілшісі.

Voetbalzone.nl Сейдахметтің болашағы зор екенін, алайда әлі де даму керектігін атап өтті.

"Сейдахметке "үлкен ағасының" (Лионель Месси - авт. Vesti.kz) деңгейіне жету үшін әлі талай еңбектену қажет. Дегенмен де, Гранаткин Мемориалында оның қолынан не келетінін көрдік. Алайда ол Лионель Мессимен салыстыруға лайық па?" - дейді Voetbalzone.nl.

Қазақстандық жасөреннің қимылы жылдам, алаңды және әріптестерін сезе біледі, оның үстіне қарсыласын оңай шаң қаптырып кете алады деп жазады Voetbalzone.nl мақала соңында.

Айта кетейік, қазіргі таңда 17-жасар футболшы ресейлік "Зениттің" жастар құрамының сапында жаттығып жүр. Дайындық барысында әдемі гол соғып та үлгерді.

Жарнама

Живи спортом!