Еліміздегі әйелдер футболын дамыту жолында кедергілерді жою үшін жұмыс істейміз - Рәзия Нүркенова
Рәзия Нүркенова.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова Англиямен өткен ойыннан кейін журналистердің қойған сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Павлодарда Англиямен өткізді. 6:0 есебімен жеңілген бұрымдылар жарыстан шығып қалды.
- Павлодарда бізді жақсы қарсы алды. Бүгін стадионға жиналып, қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғыс айтамын. Халықтың көп жиналғанына қыздар да таңғалды. Павлодар қаласы мен ұйымдастырушыларға рақмет. Англия - мықты қарсылас. Ал, біз жаңа команданы құруда алғашқы қадамымызды жасап жатырмыз.
- Бүгін ең жақсы құрам алаңға шықты ма?
- Өкінішке қарай, Ресеймен өткен ойында бір қорғаушы жарақат алып қалды. Англияның деңгейі жоғары екенін қайталаймын. Олардың бүгін көрсеткен ойыны жылдар бойы қалыптасқан. Англия қатарындағы ең жас ойыншы 1995 жылғы болды. Тәжірибелі ойыншылар жеткілікті. Ал, біздің құрамада 2002 жылғы футболшы алаңға шығып, толық екі тайм ойнады. Екінші жағынан мықты қарсыласпен ойнап, тәжірибе жинадық деп айта аламын.
- Бүгін құраманың бас бапкері ретінде екінші ойынды өткіздіңіз... Қандай әсер алдыңыз?
- Соңғы екі кездесуге дайындық аз болады деп уайымдадым. Дайындық кезеңі жылдам өтті. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз. Еліміздегі әйелдер футболын дамыту жолында кедергілерді жою үшін жұмыс істейміз.
- Павлодар қаласында ойынды жиі өткізуді қалайсыз ба?
- Барлығы көңілімізден шықты. Біздің командаға ерекше назар аударылды. Жанкүйерлердің назары жоғары болғандықтан аздап толқығанымыз рас. Бүгінгі құраманың ойыны Павлодардағы қыздар футболын дамытуға күш беретіні анық.

Жарнама