auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ел намысын қорғап, жақсы нәтижеге жету – кез келген футболшының арманы - Роман Мұртазаев

Ел намысын қорғап, жақсы нәтижеге жету – кез келген футболшының арманы - Роман Мұртазаев
"Астана" ФК ресми сайтынан
2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасына қарсы өтетін кездесуге дайындық туралы "Астана" командасының және Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев айтып берді.

- Дания құрамасы – өте мықты қарсылас, - дейді Роман Мұртазаев. – Біз осы кездесуде жеңіске жету үшін барынша дайындалып жатырмыз. Қарсылас команда сапында тәжірибелі, нағыз өз ісінің шеберлері шоғырланған. Сондықтан біздің ұжымға оңай болмасы анық. Жауапты ойында ел намысын лайықты дәрежеде қорғауға тырысамыз.

- Дания құрамасының негізгі қақпашысы Каспер Шмейхельосы кездесуге қатыса алмайды. Оның алаңға шықпауы біздің команданың жұмысын жеңілдете ме?

- Әрине, Каспер Шмейхель – өте мықты қақпашы. Бұл жағдай Дания құрамасының ойынына тікелей әсер ететіні анық. Дегенмен, уақыттан озғым келмейді. Аталмыш кездесуде жоғары нәтижеге жету үшін, жақсы көңіл күйде дайындық жұмыстарын жасауымыз керек.

- Ұлттық құрама ойыншысы ретінде осы жауапты матчта алаңға шығып, ел намысын қорғағыңыз келетін шығар...

- Әрине, алаңға шығып ел намысын қорғап, жақсы нәтижеге жету – кез келген ойыншының арманы.

- Дания құрамасының ойын мәнері туралы не айтасыз?

- Барлық еуропалық командалар сияқты, даниялықтар да допқа көбірек иелік еткісі келетіні анық. Дания құрамасы сапында Англия, Голландия, Германия чемпионаттарында өнер көрсететін өте мықты ойыншылар бар. Олар екінші қабатта өте жақсы ойнайды. Бұл құрама алдына тек жоғары нәтижелер қоятын, мықты ұжым.

- Еліміздің басты командасы араға ұзақ уақыт салып, Алматыда ойын өткізеді. Жалпы үйдегі өткізген ойындарда жанкүйерлердің қаншалықты көмектесетінін соңғы алматылық «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесуде сезінген боларсыз?

- Жанкүйерлердің қолдауы кез келген ойында маңызды. Кездесудің Алматыда өтетіні шынымен де қуантады. Себебі, еліміздегі ең сапалы алаң осында десем артық айтпаған болар едім. Менің ойымша, Алматының орталық стадионындағы табиғи алаң – Дания құрамасына нағыз қол болары анық. Өйткені олар табиғи алаңда ойнап үйренген. Ал Қазақстанда жасыл алаң мәселесі әлі толық шешілмеген. Сондықтан, алдағы жауапты кездесуде ел намысы үшін барымызды салып, соңына дейін ойнағаннан басқа амалымыз жоқ.
 
Сөз соңында, барлық жанкүйерлерді Ұлттық құрамаға қолдау көрсетуге шақырамын. Бізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет. Ойыншылар жанкүйерлерді қуанту үшін жасыл алаңда барын салатын болады! Біз жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз. Сол үшін еңбектенеміз! Құдай қаласа жеңіске жету біздің қолымызда!
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама