"БИІК-Қазығұрт" "Бавариядан" оңбай ұтылды

"БИІК-Қазығұрт" Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Бавариямен" кездесті. Шымкент қаласындағы "Биік" спорт кешенінде өткен кездесуде мюнхендік клуб 1:6 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері сапында жалғыз голды 81-минутта Кунданаджи соқты. "Бавария" командасында Бееренстейн (10'), Шюллер (27'), Далльманн (47', 90'), Гласс (62'), Вильяммсдоттир (68') мергендігімен көзге түсті.

"БИІК-Қазығұрт" клубының негізгі құрамы: Железняк (қ) - Денесик, Моллин, Роуз, Маккарти - Илич, Мут, Құлмағамбетова, Бабшук, Кунданаджи - Габелия.

Айта кетейік, қарымта кездесу 10 наурызда Мюнхенде өтеді.

Метки:
Жаңалықтар