Казахстан(футбол)
29 қаңтар 2018 21:47
 
Бауыржан Жолшиев екі жылдан кейін жасыл алаңға оралды

  Пікірлер

blog.share

Бауыржан Жолшиев екі жылдан кейін жасыл алаңға оралды Астана ФК

Қазақстандық футболшы Бауыржан Жолшиев екі жылдан кейін жасыл алаңға оралып, "Астана" командасы сапында ойынға қатысты.

Жартылай қорғаушы елордалық команда құрамында Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда. "Жилинаға" қарсы өткен ойында 78 минутта алаңға шықты.
Соңғы рет Бауыржан команда құрамында 2015 жылдың желтоқсан айында ойнаған.

27 жастағы футболшы "Астана" сапында 2014-2015 жылдар аралығында ойнады. 69 ойынға қатысып, 15 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Елордалық командамен бірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бақ сынады.

Словакия чемпиондарына қарсы ойында "Астана" қарсыластарына 1:0 есебімен есе жіберді. Осыған дейін Станимир Стойлов шәкірттері Ресейдің "Спартак" және "Краснодар" клубтарын ұтқан еді.

"Астана" келесі оқу-жаттығу жиындарын 3-9 ақпан аралығында өткізеді. Бұл кезде команда Швециянның "Хеккен", Қытайдың "Ляонин" және "Шаньдун Лунэн Тайшан" клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді.

Жарнама

Живи спортом!