Бауыржан Исламханнан допинг табылғанына кім кінәлі екені айтылды

Бауыржан Исламхан.Сурет "Аль-Айн" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның қанынан допинг табылғанына "Аль-Айн" командасының дәрігері кінәлі екен. Мұндай ақпаратты спорт тілшісі Айдын Қожахмет телеграм каналында жазды. 

"Кәні Бауыржанда емес, дәрігерде болуы мүмкін. Ол Исламхан қабыдап жүрген дәруменді Азия футбол конференциясының есебіне қосуды ұмытып кеткен", - деп жазады инсайдер. 

Еске салайық, бұған дейін Бауыржан Исламханның Азия Чемпиондар лигасы ойынан кейін тапсырған допинг-тестінен рұқсат етілмеген дәрумен табылғаны белгілі болды. Енді ол футболдан шеттетілуі мүмкін. Осы мәселеге байланысты Исламхан Ұлттан лигасында ойнайтын Қазақстан құрамасы сапына келе алмайды. 





Метки:
Жаңалықтар