Бауыржан Исламхан жарты жылға футболдан шеттетілуі мүмкін

Сурет "Аль-Айн" сайтынан алынды.
Қазақстан құрамасы мен "Аль-Айн" клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан допинг-тесттің оң нәтиже беруіне байланысты алты айға футболдан шеттетілуі мүмкін,- деп хабарлайды Alittihad.ae.

Дереккөздің айтуынша, Исламхан ресми аккредиттелген зертханада тағы бір сынақтан өтеді. Азия футбол конфедерациясы (АФК) ойыншының денесінен табылған затты жұту себептерін анықтағанға дейін матчтардан шеттетті.

Исламхан ойыннан шеттетіледі деп күтілуде, мұндай жағдайда "Аль-Айн" командасы оның орнына басқа адамды алмастыруы мүмкін, әсіресе алты айға шеттетілсе, ал кейбір жағдайларда одан да көп мерзім берілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Исламханның Азия чемпиондар лигасының "Аль-Садд" - "Аль-Айн" матчынан кейінгі допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткен болатын. Футболшы Қазақстан құрамасының орналасқан жеріне де келген жоқ.
Метки:
Жаңалықтар