Казахстан(футбол)
9 желтоқсан 2019 11:24

Бақтиер Зайнутдинов "Спартак" - "Ростов" матчының үздік ойыншысы атанды

Фото: "Ростов" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов WhoScored ресурсының нұсқасы бойынша Ресей Премьер-лигасындағы "Спартак" - "Ростов" матчының үздік ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz


РПЛ-дың 19-турындағы матч Мәскеуде өтіп, "Ростовтың" пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Бұл ойынға Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, дубль жасаған. Ол өз командасының бірінші және төртінші голын соқты. Ал 87-минутта ол өз орнын әріптесіне босатты. 

Қазақстандық футболшының ойынын WhoScored 8,5 ұпаймен бағалаған. Бұл - матчтағы барлық ойыншының көрсеткішінен жоғары. 

Осылайша, Зайнутдинов осы маусымда "Ростовта" үш гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.