Казахстан(футбол)
20 тамыз 2021 16:42

Азат Нұрғалиев "Тобыл" сапында неге ойнамай жүргені анықталды

Сурет "Тобыл" сайтынан алынды.

"Тобыл" футболшысы Азат Нұрғалиев қостанайлық команда сапына бірнеше ойынға қатыспады. Капитанның ойындарға қатыспауына не себеп болғаны анықталды, деп жазады "Тень отца Гурмана" телеграм-каналы. 

"Қостанайлық команданың капитаны Азат Нұрғалиев Конференция лигасында "Жилинаға" қарсы кездесу және Қазақстан кубогінде "Атырау" командасына қарсы кездесуге қатыспады. Біздің қолда бар ақпарат бойынша, капитан Конференция лигасында "Хайдукке" қарсы матчте берілген сыйақыға көңілі толмаған. Сол үшін де ойнамай жүр. Бұл ойында сыйақы уәде етілгеннен әлдеқайда аз берілген. 

Капитан ретінде Нұрғалиев команданың басшылары алдында қаржылық мәселелерді көп көтереді. Осыған байланысты алаңда аз бой көрсетіп жүр", - деп жазады дереккөз. 

35 жастағы Нұрғалиев "Тобылда" 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биыл ол Қазақстан чемпионатында 18 кездесуге қатысып, алты гол соғып, бір голдық пас берген. Сондай-ақ жартылай қорғаушы Конференция лигасында үш ойын өткізген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport