"Астананың" бұрынғы қорғаушысы Испания чемпионатында бірінші кездесуін өткізді

Сурет: "Кадис"©

Елордалық "Астана" командасының бұрынғы қорғаушысы Вараздат Ароян Испания Ла Лигасында "Кадис" сапында бірінші ойынын өткізді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Кадис" Испания біріншілігінің бірінші турында "Леванте" командасымен 1:1 ойнады. Кездесудегі есепті бірінші болып қонақтар ашты. 39-минутта Хосе Луис Моралес көзге түсті. Алаң қожайындары 90+7 минутта есепті теңесті. Голдың авторы - Альфонсо Эспино. 

Ароян болса ойынды негізгі құрамда бастап, 81-минутта алмасты. 

Енді 20-тамыз күні сырт алаңда "Бетиспен" кездеседі. 

28 жастағы Ароян "Астана" командасына қыста келді. Ал мамыр айында ол карьерасын Испанияда жалғастыратыны белгілі болды. Сөйтіп "Кадис" сапына шілде айында қосылды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар