"Астанаға" қарсы өтетін ойынға "Селтиктің" негізгі қорғаушысы қатыспайтын болды
Эрик Святченко © Sky Sports
Украина тумасы, "Селтик" ойыншысы Эрик Святченко Чемпиондар лигасының плей-офф раундында "Астанаға" қарсы ойынға қатыспайтын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дания азаматтығын алған футболшы үшінші іріктеу кезеңінде "Русенборгқа" қарсы қарымта кездесуде тізесін жарақаттап алды. Қорғаушы 25-ші минутта алаңды тастап кеткен еді. Алайда оның қайта қалыпқа келу мерзімі таяуда ғана белгілі болды - ол енді тек алты аптадан кейін алаңға орала алады.
Бұл "Селтиктің" тап болған бірінші қиындығы емес. Мұның алдында бельгиялық қорғаушы Дедрик Боята жарақат алған еді. Дәрігерлердің болжамына қарағанда, ол алаңға қыркүйекте оралады.
Норвегияда өткен қарымта кездесуде Брендан Роджерс Эрик Святченконың орнына Израиль елінің жартылай қорғаушысы Нир Биттонды шығаруды жөн санапты. Ол енді бұдан кейін де қорғаныс шебінде ойнайды деп күтіледі.
Святченконың мұның алдында шатын жарақаттап алғанын да айта кетейік. Ал соңғы жарақаты бұдан да ауыр болып шығуы мүмкін. Сондықта ол дәрігерлер айтып отырған алты аптаның ішінде алаңға оралуы мүмкін де емес.
25 жастағы футболшыға қатысты қызықты жайттар бар. Ол Харьковтан шыққан суретші Сергей Святченконың баласы. Әкесі Данияға 1990 жылы көшіп кеткен екен.
Данияда Эрик Святченко барлық жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнап шықты. 2014 жылы оның Украина құрамасының сапында өнер көрсетуі талқыланған, алайда футболшы дат құрамасын таңдаған. 2015 жылдың 25 наурызында ол АҚШ-қа қарсы матчта Дания ұлттық құрамасында тұңғыш рет ойнады (3:2). 7 қыркүйекте құрамада бірінші ресми ойынын өткізді, сол кезде ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Армениямен ойын өткізген еді (0:0).
Ал "Селтикке" ол даниялық "Мидтьюлландтан" келді. Оның шотландиялық командамен 4,5 жылдық келісімшарты бар. Святченко 2014-15 маусымда Дания чемпионатының үздік футболшысы атанған.
Еске салайық, "Астана" мен "Селтик" арасындағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші ойын 16 тамызда Глазгода өтсе, қарымта кездесу Қазақстан елордасында 22 тамызға белгіленген.
Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады да, жеңілгені Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.

Жарнама