Казахстан(футбол)
26 наурыз 2017 23:56
 
Армения - Қазақстан 2:0. Бородюк баптаған құрама көш соңында

  Пікірлер

blog.share

Армения - Қазақстан 2:0. Бородюк баптаған құрама көш соңында Сурет Матч.kz

Ереван қаласында 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Армения және Қазақстан құрамалары күш сынасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесу жоғарғы жылдамдықта басталды. Алғашқы минуттардан шабуылға шыққан Армения құрамасы сапынан Геворг Казарян жарақатап алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Дегенмен алаң иелерінің қысыма тойтарыс берген біздің футболшылар бірте-бірте ойында қарсылас шебіне ауыстырды. Ортадан Бауыржан Исламхан бастаған, қапталдан Еркебұлан Тұңғышбаев қостаған шабуылдарда есепті ашуға сәл жетпей тұрды. 

Екінші таймда қазақстандық футболшылар шабуылда ширек қимылдай бастады. Алайда бірнеше пас алмасып қарсылас қақпасының алдына келгенде соққылар қиыс кетіп жатты. Бірақ 64-ші минутта Сергей Малый екінші сары қағазын алып алаңнан қуылғаннан соң ойын барысы күрт өзгерді. Алаң иелері 10 ойыншымен қалған біздің құраманы қыспаққа алды. 73-ші минутта Армения құрамасының капитаны Генрих Мхитарян Абзал Бейсебековтен сытылып өтіп қақпаға соққысын тура дарытты. Көзді ашып-жұмғанша Озбилиз есепті еселеп кетті. Бұдан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Осылайша, Александр  Бородюктің Қазақстан құрамасының тізгініндегі алғашқы ресми ойынында жеңіліс тапты. Қоржынында небәрі 2 ұпайы бар біздің құрама Е тобында көш соңында қалды. Ал армяндар екінші жеңісіне жетіп, 6 ұпай еншіледі.

2018 жылғы Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі. Еуропа. Е тобы

Армения – Қазақстан 2:0 (0:0)

Голдар:
Мхитарян 73, Озбилиз 75

Жарнама

Живи спортом!