Казахстан(футбол)
8 наурыз 2017 09:55
 

Андрей Карпович карьерасын аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Андрей Карпович карьерасын аяқтады Андрей Карпович. Сурет Footboom.kz сайтынан

36-жастағы Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Карпович футболшы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Андрей мансабын өткен маусымда аяқтағысы келген. Алайда жаңадан құрылған "Алтай" клубына Премьер-Лига жолдамасын жеңіп алуға көмектесуді шешкен. Шығысқазақстандық ұжым жоғарғы дивизионда өнер көрсету құқығына ие болғанмен, сертификатциялаудан өтпей қалды. 

Айта кетейік, Андрей Карпович семей футболының түлегі. Мансабын "Елімай" командасында бастаған. Одан кейін "Ертіс", "Қайрат-Алматы КТЖ", "Ақтөбе", "Астана", "Ордабасы", "Атырау", "Шахтер", "Алтай" және ресейдің "Ростсельмаш", "Динамо" клубтарында доп тепкен.

Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында алаңға 55 мәрте шығып, 3 гол соқты.

blog.share
36-жастағы Қазақстан Ұлттық
құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Карпович футболшы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Андрей мансабын өткен маусымда аяқтағысы келген. Алайда жаңадан құрылған "Алтай" клубына Премьер-Лига жолдамасын жеңіп алуға көмектесуді шешкен. Шығысқазақстандық ұжым жоғарғы дивизионда өнер көрсету құқығына ие болғанмен, сертификатциялаудан өтпей қалды. 

Айта кетейік, Андрей Карпович семей футболының түлегі. Мансабын "Елімай" командасында бастаған. Одан кейін "Ертіс", "Қайрат-Алматы КТЖ", "Ақтөбе", "Астана", "Ордабасы", "Атырау", "Шахтер", "Алтай" және ресейдің "Ростсельмаш", "Динамо" клубтарында доп тепкен.

Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында алаңға 55 мәрте шығып, 3 гол соқты.

Жарнама

Живи спортом!