Казахстан(футбол)
12 маусым 2020 13:43

"3,5 миллион еуро". "Қайсардың" бапкері клуб бюджеті мен ойыншылардың кетуі туралы айтты

Стойчо Младенов. Фото: pflk.kz©
Қызылордалық "Қайсардың" бас бапкері Стойчо Младенов Darik Radio-ға берген сұхбатында клуб бюджетінің қысқаруы, ойыншылардың командадан кетуі туралы пікірін айтты.

Младеновтің айтуынша, клубтың бюджеті қысқаруына байланысты ойыншылар командадан кетіп қалған. 

"Мақсат өзгеріп жатыр, себебі басшылық бюджетті қысқартты. Клуб содан зардап шекті. Мен жібергім келмеген футболшылар командадан кетіп қалды. Себебі олар жалақысын қысқартудан бас тартты. Бюджет 3,5 миллион еуроға қысқартылды. Бұл үлкен қаражат, ойыншыларға да әсер етеді. Жақсы ойыншыларымыздан айырылғанымызға қарамастан, жоғары деңгейді сақтап қалуға тырысып жатырмыз. Мақсатым - чемпионатта абыроймен өнер көрсету, ақша ойынға әсер етпеуі керек", - деді Младенов.  

Айта кетейік, биыл "Қайсар" Еуропа лигасына қатысады.