Болгариялық "Лудогорец" пен Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски алматылық "Қайратқа" ауысуы мүмкін. Бұл туралы UEFA.com тілшісі Петр Козьминьски хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, 27 жастағы Гуральски алматылық клубқа жазда "Лудогорецпен" келісімшарты біткен соң ауысуы мүмкін. ФИФА ережесі бойынша, футболшы қазір басқа командалармен келіссөз жүргізе алады.
Z Kazachstanu dotarły do mnie wieści, że Kajrat Ałmaty jest mocno zainteresowany podpisaniem (od lata) kontraktu z Jackiem Góralskim, któremu po tym sezonie kończy się umowa z bułgarskim Ludogorcem Razgrad. Sprawa, jak tam słyszę, miałaby być mocno zaawansowana.
— Piotr Koźmiński (@UEFAComPiotrK) December 30, 2019
"Лудогорец" сапында Гуральски 2017 жылдан бері ойнап келеді, бүгінде екі рет Болгария чемпионы атанған. Ал өз елінде "Ягеллония" мен "Вислада" өнер көрсеткен.
Польша құрамасында футболшы 13 матч өткізіп, бір гол соққан. 2018 жылғы әлем чемпионатында екі ойынға қатысқан. ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде Горальски төрт матч өткізіп, командасының финалдық кезеңге жолдама алуына көмектескен.