Зоран Тошич "Тобыл" сапына қосылды

Зоран Тошич. Фото: РИА Новости/Алексей Филиппов©

"Тобыл" командасының сапына Зоран Тошич қосылды. Онымен бірге түскен фотоны клубтың медиа-офицері Қасқырбай Қойшыманов әлеуметтік желіде жариялады. 

33 жастағы серб ойыншысы әлі маусымдық тізімге қосылмаған, алайда өтінім беру онлайн болғандықтан кез келген сәтте қосылуы мүмкін. Сондықтан ол алтыншы айналым аясында "Қайратқа" қарсы ойында алаңға шығуы ықтимал.

Қостанайлықтар легионердің сапқа қосылатыны туралы 16 сәуір күні жариялаған еді. Ол "сары-жасылдармен" жыл соңына дейін келісімшартқа отырған. "Тобыл" сапына қосылғанға дейін ол қытайдың "Тайчжоу Юаньда" клубында өнер көрсеткен.  

Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" - "Тобыл" матчы бүгін, яғни 19 сәуір күні Алматыда өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00. Қазіргі сәтте екі команда да 11 ұпаймен турнир кестесінде үшінші және төртінші орындарға табан тіреп тұр.  

Метки: