Златан Ибрагимович сериялға түсіп жатыр

©instagram.com/iamzlatanibrahimovic

"Миланның" швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович италиялық Vita da Carlo деп аталатын комедиялық сериялға түсіп жатыр, деп жазады Milan News. 41 жастағы футбошы бұл жобаның екінші маусымында кейіпкер болады. 

Ибрагимовичті жоба жетекшілері тегін таңдаған жоқ. Бұл серия Paramount + платформасында көрсетілледі. Ал осы платформаның қожайындарының бірі "Наполи" президенті Аурелио Де Лаурентис. Осы азамат Златанды жобаға шақырған. 

Айта кетейік, Ибрагимовичті қазір сериялға түсетін уақыт бар. Себебі ол жарақатынан айығып жатыр. Шабуылшы алаңға 2023 жылдың қаңтарында қайта оралады деген ақпарат бар. 

Еске салайық, Златан осыған дейін актер ретінде "Астерикс пен Обеликс" фильміне де түскен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport