Златан Ибрагимович індеттен сауыға алмай жүр

Сурет: Eurosport
"Миланның" швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович коронавирустан емделе алмай жүр, - деп абарлайды La Gazzetta dello Sport.

Италиялық БАҚ мәліметінше, футболшы екінші рет тест тапсырғанда COVID-19 барын көрсеткен. Бірінші тестті 14 күн бұрын тапсырған. 

Ибрагимович бұл індетті жұқтырғанына екі апта болды, карантин уақыты да осындай. Оның індетке шалдыққаны туралы 24 қыркүйекте белгілі болған.