Златан Ибрагимович "Миланмен" келісімшартын ұзартатын болды

©Getty images

Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович "Миланмен" келісімшартын ұзартатын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі La Gazzetta dello Sport басылымына сілтеме жасап.

Келіссөздер қысқы трансферлік маусымнан кейін жүргізіледі.

Еске салайық, Ибрагимович 2010-2012 жылдары "Милан" сапында 61 матчта 42 гол салған. 2020 жылы италиялық ұжымға қайта келген 40 жастағы футболшы осы уақыт аралығында алаңға 43 рет шығып, 28 мәрте ерекшеленді. Жалпы швециялық форвард карьреасында "Мальме", "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона", "ПСЖ", "МЮ" және "Лос-Анджелес Гэлекси" командаларының намысын қорғаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: