Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович биыл маусым соңында карьерасын аяқтауға дайын. Бірақ ол үшін "Милан" Италия чемпионаты мен Италия кубогін жеңуі керек. 40 жастағы шабуылшы карьерасын жеңімпаз ретінде аяқтағысы келеді, деп жазады La Gazzetta dello Sport басылымы.
Ибрагимович "Милан" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның италиялық клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. Қазіргі уақытта келісімшартты ұзарту процессі қиын өтуде. Биыл ол Италияның А сериясында 18 ойынға қатысып, 8 гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Осыған дейін италиялық басылымдар "Милан" Златанмен айлығын 3,5 есе азайтуға келіссе ғана келісімшарт жасауға дайын екен мәлімдеді.