Футбол
26 мамыр 2020 13:11

Златан Ибрагимович жаттығу кезінде тірсегін үзді

Сурет: FootBoom
Италиялық "Милан" форварды Златан Ибрагимович жаттығу кезінде жарақат алды, - деп хабарлайды Sky Sport Italia.

Мәлімет бойынша, футболшының тірсегі үзілген болуы мүмкін, алайда, нақты диагноз қою үшін тереңірек медициналық зерттеу қажет. Егер бұл расталса, шведциялық футболшы маусымды алаңда аяқтай алмайды. 

Ибрагимовичтің жасы 39-ға келгенін есепке алсақ, мұндай жарақат салдарынан футболшы карьерасын аяқтауы да ықтимал.

Ибрагимович "Миланға" 2019 желтоқсанда қосылған. Келісімшарт биылғы маусым соңына дейін тағы бір жылға созу мүмкіндігімен жасалған. Биылғы Италия чемпионатында шабуылшы үш гол салды.

Италияның А сериясы наурыз басында тоқтаған. Турнир маусымының ортасында жалғасады деп жоспарланған.