Златан Ибрагимович Италия біріншілігінде жаңа рекорд тіркеді

©Reuters

"Миланның" швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович А сериясында нәтижелі пас берген ең егде жастағы (40 жас, 6 ай және 21 күн) ойыншы атанды, деп жазды журналист Джозеф Шепард өзінің Twitter парақшасында.

Осылайша, Златан "Романың" бұрынғы шабуылшысы Франческо Тоттидің рекордын (40 жас, 4 ай және 23 күн жаңартты.

Еске салайық, Италия А сериясының 34-туры аясында "Лацио" өз алаңында "Миланды" қабылдады. Римдегі "Олимпико" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Бұл кездесуде Ибрагимович нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

34 ойыннан кейін "Милан" 74 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport