Златан Ибрагимович допты өзінен асырып теуіп гол салды

© "Лос-Анджелес Гэлакси" ФК
Амеркиалық "Лос-Анджелес Гэлакси" шабуылшысы Златан Ибрагимович өз алаңында "Нью-Инглэнд Революшн" командасымен ойында көзге түсті.

Ойынның 84-ші минутында швециялық футболшы допты өзінен асырып теуіп, гол салды. Дегенмен бұл оның командасын жеңілістен құтақрмады, есеп 1:2. МЛС-тің (АҚШ-тың кәсіпқой футбол лигасы) 16 турының қорытындысы бойынша "Гэлакси" Батыс конференциясында екінші келеді, бірінші орында "Лос-Анджелес".





Биылғы маусымның 12 ойнында 37 жастағы Ибрагимович 11 гол салды. Бомбардирлер жарысында ол "Лос-Анджелес" форварды Карлос Веледен бес гол азшылықпен екінші келеді. Алайда мексикалық төрт матч артық ойнағанын айта кетейік.
Жаңалықтар