"Миланның" шабуылшысы Златан Ибрагимович өзінің болашағы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Шабуылшы өзінің қазан айында 41-ші туған күнін атап өтті, бірақ әзірге мансабын аяқтау туралы жоспары жоқ. Жақында ол осы маусымда алған ауыр жарақатынан кейін алаңға оралуы мүмкін.
"Милан – менің екінші үйім, мен бұл қаланы жақсы білемін. Мен өзімді жақсы сезінемін, айналамдағы адамдар маған үнемі қолдау білдіруде. Мен футболшы ретінде мансабымды аяқтаған соң осында қаламын деп сенімді түрде айта аламын", - деді шабуылшы.
Златан Ибрагимовичтің "Миланмен" келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады.