Златан Ибрагимович бес жылдан кейін ұлттық құрамасына қайта оралды

Златан Ибрагимович Фото: Getty Images ©

Златан Ибрагимович бес жыл үзілістен кейін, Швеция құрамасына оралды. Осы маусымда ол А сериясының 14 матчында Милан үшін 14 гол соқты.

Швеция наурыз айының соңында әлем чемпионатының іріктеу матчтарында Грузия мен Косовоны қабылдайды, сонымен қатар жолдастық матчта Эстониямен кездеседі.

Швеция құрамасының үздік шабуылшысы Златан Ибрагимович ұлттық құрамадан кеткеннен бес жыл өткен соң Грузия мен Косовоға қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына жаттықтырушы Янне Андерссон командасының құрамына енді.

39 жастағы Ибрагимович Еуро-2016 топтық кезеңіне шыққаннан кейін командадан кетер алдында 116 халықаралық матчта 62 гол соққан.

Ол 2020 жылдың қараша айында басылымға берген сұқбатында құрамаға қайтып оралу туралы ақпаратты алғаш рет айтқан болатын. Құрама жаттықтырушысы Андерссон Миланға ұшып барып, Златанның құрамаға қайта келуінің алғашқы қадамдарын жасады.

Андерссон журналистерге: "Біріншіден, ол өте жақсы футболшы. Швеция құрамасында болған ең үздік футболшы" - деді.

Оған қоса жаттықтырушы Златан туралы: "Әрине, оның қайтып оралғысы келетіні өте қызық болып тұр. Себебі ол өзінің керемет тәжірибесімен алаңда команданың басқа ойыншыларына жақсы әсер ететін болады" - деп пікірімен бөлісті. 

Метки: