Атақты франциялық маман Зинедин Зидан УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалында өткен "Реал" мен "Манчестер Сити" арасындағы ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алғашқы кездесу Мадрид қаласындағы "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтіп, алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтың басты қаһарманы уругвайлық жартылай қорғаушы Федерико Вальверде болды — ол хет-трик авторы атанды.
Ойыннан кейін Зинедин Зидан мадридтік клуб ойыншысының өнеріне жоғары баға берді.
"Мен Вальверде үшін өте қуаныштымын, ол бұған әбден лайық", — деді француз маманы.
Сондай-ақ, журналистер Зинедин Зиданнан егер клуб президенті Флорентино Перес оны қайтадан шақырса, "Реалды" тағы жаттықтыруға дайын ба деген сұрақ қойды.
Бұған француз маманы қысқа ғана жауап берді:
"Бәрі бітті".
Зинедин Зидан "Реал" клубын екі кезеңде жаттықтырды - 2016–2018 және 2019–2021 жылдары.
Оның басты жетістігі - командамен бірге УЕФА Чемпиондар лигасы турнирінде 2016, 2017 және 2018 жылдары қатарынан үш рет чемпион атануы. Мұндай нәтижеге турнир тарихында бірде-бір бапкер қол жеткізбеген.
Жалпы, Зиданның жетекшілігімен мадридтік клуб 11 трофей жеңіп алған.