"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан мадридтік клубтан кететін болды, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо өзінің "Твиттерінде".
Франциялық маман клубтан бұрын да 2018 жылы Чемпиондар лигасын үш рет қатар ұтқаннан кейін де кеткен. Бір жыл үзілістен кейін 2019 жылы "Реалға" оралып, Зидан клубпен Испания чемпионаты мен Суперкубогын ұтты.
Өткен маусымда мадридтіктер Чемпиондар лигасының жартылай фианлына жетіп, Ла Лигада екінші болды.
Мұның алдында "Ювентустің" бұрынғы бапкері Массимилиано Аллегри Зиданның орнын басуы мүмкін екені хабарланған.