Испаниялық Marca басылымы 48 жастағы франциялық маман Зинедин Зидан "Реалды" ары қарай жаттықтыруы күмәнді екенін жазады. Мадридтік команда Чемпиондар лигасының бесінші турында Донецк "Шахтерінен" ұтылды (0:2).
"Реалда" Зиданға деген сенім бұрынғыдай емес екенін айтылуда. Оның көптеген шешімдеріне және ары қарайғы бапкерлігіне күмән туған. Маманның тағдыры осы немесе келесі аптада шешілуі мүмкін.
Алдағы уақытта "Реал" испаниялық "Севилья", мюнхенгладбахтық "Боруссия" және мадридтік "Атлетикомен" ойнайды. Алдағы екі аптада мадридтік команданың Ла Лигадағы және Чемпиондар лигасындағы болашағы айқын болады.
Еске салайық, "Реал" бес матчте жеті ұпай жинап, Чемпиондар лигасының турнир кестесіндегі B тобында үшінші, ал Испания чемпионатында 17 баллмен төртінші.