Зинедин Зидан ПСЖ командасының тізгінін ұстауы ықтимал

21 қыркүйек 2021 23:26
©Reuters

Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының басшылары Зинедин Зиданды ұжымның бас бапкері ретінде шақыруы мүмкін. Бұл туралы El Chiringuito TV хабарлады. 

Зидан париждік командада Маурисио Почеттиноның орнын басады. Қазіргі уақытта ПСЖ басшылары аргентиналық маманның жұмысына көңілі толмайды. Сол үшін де ол жақын арада қызметінен кетуі ықтимал. 

Еске салайық, Зинедин Зидан 2021 жылдың мамыр айында мадридтік "Реал" командасынан кеткен еді. Содан бері ол жұмыссыз жүр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: